Берешек сомасы туралы хабарламалардың және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы өкімдерінің нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 341 бұйрығы
(2024.17.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2026 жылғы 21 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрінің 2024.01.03. № 119 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 17 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 256-бабына, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрінің 2024.01.03. № 119 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 17 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомасы туралы хабарламаның нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес әлеуметтік аударымдарды төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасы туралы хабарламаның нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша өтілмеген берешегі бар агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек сомасы туралы хабарламаның нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің нысаны бекітілсін.