Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 391 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Ауыл шаруашылығы кооперативтері өз мүшелеріне олардың айналымдарды жүзеге асыруы мақсатында орындайтын жұмыстардың және (немесе) көрсететін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 90 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16610 болып тіркелген);