«Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 18 наурыздағы № 151 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 10 маусымдағы № 293 бұйрығымен күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13301 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесінде:
1 «Ағымдағы шығындар» деген санатында:
01 «Тауарлар мен қызметтерге шығындар» деген сыныбында:
150 «Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу» деген кіші сыныбында:
157 деген ерекшелігі бойынша:
5 «Атауы» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Форумдар, семинарлар, конференциялар өткізуге және имидждік іс-шараларға арналған қызметтерге ақы төлеу»;
6 «Азаматтық-құқықтық мәмiленi мiндеттi тiркеудi талап ететiн шығыстардың түрлерi» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Форумдар, семинарлар, конференциялар өткізуге және мемлекеттік органның имиджін арттыруға байланысты имидждік іс-шараларға арналған, қызметтерге ақы төлеу, мысалы, брошюралар және (немесе) бейнероликтер дайындау»;
158 деген ерекшелігі бойынша:
5 «Атауы» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Ақпараттандыру саласындағы жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу»;
6 «Азаматтық-құқықтық мәмiленi мiндеттi тiркеудi талап ететiн шығыстардың түрлерi» деген баған мынадай редакцияда жазылсын: