«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы автоматтандырылған тізілімді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 21 сәуірдегі № 191 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы автоматтандырылған тізілімді жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 21 сәуірдегі № 191 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 52-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы автоматтандырылған тізілімді жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Күші жойылды деп танылсын:

1) «Құрылыс саласындағы рұқсаттардың автоматтандырылған тізілімінде рұқсаттарды жүргізу, олардың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату (кері қайтарып алу) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 283 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34852 болып тіркелген);

2) «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 15 қыркүйектегі № 367 бұйрыққа 7-тармағы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36866 болып тіркелген).

3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Жасанды интеллект және

цифрлық даму министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.