(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕРДІҢ ЖӘНЕ БАНК ОПЕРАЦИЯЛАРЫ...

Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізуі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 261 Қаулысы

 

Осы редакция 2018 жылғы 27 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» 1997 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ереженің 22-тармағы төртінші бөлігінің 27) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізуі қағидалары бекітілсін.

2. Мына:

1) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1016 тіркелген «Екiншi деңгейдегi банктердiң аударым және жай вексельдермен операциялар жүргiзу ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 397 қаулысының;

2) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3684 тіркелген «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің аударым және жай коммерциялық вексельдермен операцияларын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 13 мамырдағы № 61 қаулысының 2-тармағының күші жойылды деп танылсын.

3. Төлем жүйелерiн дамыту және басқару департаменті (Мұсаев Р.Н.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.