Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Ұлттық экономика министрі
2025 жылғы 16 маусымдағы
№ 52 бұйрыққа
12-қосымша
Халықаралық қаржы институттарының қатысуымен ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын әзірлеуді үйлестіру және қорытындылар беру
қағидалары
1. Осы Халықаралық қаржы институттарының қатысуымен ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын әзірлеуді үйлестіру және қорытындылар беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 26-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және халықаралық қаржы институттарының қатысуымен ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын әзірлеуді үйлестіру және қорытындылар беру тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы үйлестіру шеңберінде:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау жөнінде конкурс (аукцион) және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының мониторингін жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының (бұдан әрі - Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидалары) 24 және 25-тарақтарында көзделген тәртіппен халықаралық қаржы институттарын конкурстық құжаттаманы және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын әзірлеуге тарту мәселесі бойынша олармен келіссөздер жүргізуді жүзеге асырады;
2) халықаралық қаржы институттары мен уәкілетті тұлға арасында конкурстық құжаттаманы әзірлеуге және қажет болған жағдайда жекеше әріптесті айқындаудың конкурстық рәсімдерін сүйемелдеуге келісім жасасу мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;