«Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 23 қыркүйектегі № 225 бұйрығы

«Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 23 қыркүйектегі № 225 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Бұйрықпен бекітілген Білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы пилоттық жобаны жүргізу алгоритмінде (бұдан әрі - Алгоритм):

3-тармақ мынадай мазмұндағы 21) тармақшамен толықтырылсын:

«21) қатысудың электрондық табелі - мектепке дейінгі ұйымға баруы және бармауы, бармау себептері, растайтын құжаттар, төлеуге есептелген сомалар туралы деректерді, келісу және бекіту процесі туралы мәліметтерді, сондай-ақ ваучер ұстаушылардың қатысуын есепке алуға байланысты өзге де ақпарат пен құжаттарды жинақтайтын және сақтайтын ақпараттандыру объектісінің модулінде ваучер ұстаушының МДҰ-ға күнделікті келуін көрсететін цифрлық құжат;»;

19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Ваучерлерді астанада, республикалық маңызы бар немесе облыстық маңызы бар қалаларда бөлу кезінде итерация бүкіл қала бойынша жүреді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.