Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 160 «Сарыкөл ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта құру және қайта атау туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 65 Қаулысы
Сарыкөл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сарыкөл ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта құру және қайта атау туралы» 2023 жылғы 2 тамыздағы № 160 қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Сарыкөл ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта құру және қайта атау туралы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
14-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«маңдайшаны облыстық және аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыру туралы хабарламаларды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асырады».