«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі-Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасының 2026 жылғы 13 наурыздағы № 12 бұйрығы

«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі-Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасының 2026 жылғы 13 наурыздағы № 12 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережеде:

13-тармақта:

мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:

«3-2) өз құзыреті шегінде қоғамды хабардар ету мақсатында демографиялық өзгерістерді зерделеу;»;

14-тармақта:

мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:

«1-2) жұмыста жасанды интеллект технологияларын пайдалану;»;

мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

«9-1) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларынан және (немесе) байланыс желілерін иеленушілерден абоненттер туралы иесі көрсетілмеген деректерді үшінші тұлғаларға бермей статистикалық қызметті жүзеге асыру үшін алу;»;

20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«20) статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде ресми статистикалық ақпаратты тарату графигіне сәйкес статистикалық жарияланымдарды қалыптастыруды және ресми статистикалық ақпаратты, сондай-ақ ұлттық санақ қорытындылары туралы ақпаратты таратуды, сонымен қатар цифрлық карталарда визуализациялауды қамтамасыз ету;»;

24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.