17-бап. Телерадио хабарлары арқылы таратылатын ақпараттық өнімге қойылатын ерекше талаптар
1. Кодын ашатын техникалық құрылғылар қолданыла отырып, ақылы негізде таратылатын ақпараттық өнімді қоспағанда, осы Заңмен «18 жастан бастап» жас санатына жатқызылған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнім жергілікті уақыт бойынша сағат 6.00-ден сағат 22.00-ге дейін телерадио хабарлары арқылы таратылмауға тиіс.
2. Тікелей эфирде трансляцияланатын радиобағдарламаларды қоспағанда, ақпараттық өнімді радио хабарлары арқылы тарату радиобағдарламаны трансляциялау басталғанда оның жас санаты туралы хабарлаумен сүйемелденеді.
3. Осы Заңның 10 - 14-баптарына сәйкес келетін ақпараттық өнімді телерадио хабарлары арқылы тарату кезінде теле-, радиобағдарлама басталғанда, сондай-ақ ол бөлінгеннен кейін әрбір қайта басталған кезде жас санаты белгісі көрсетіледі немесе жас санаты хабарланады.
2025.30.12. № 248-VIII ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (2026 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18-бап. Телекоммуникация желілері, онлайн-платформалар арқылы таратылатын ақпараттық өнімге қойылатын ерекше талаптар
Аппараттық-бағдарламалық кешен және (немесе) технологиялар арқылы уақытша пайдалануға тұлға ұсынатын, телекоммуникация желілері, онлайн-платформалар арқылы таратылатын ақпаратқа балалардың қол жеткізуін ұсыну жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
19-бап. Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа алып келеді.
20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2018 жылғы шілденің 2-і.
№ 169-VI