«Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шiлдедегi № 169-VІ Заңы (2025.22.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

3. Осы Заңның 10 - 14-баптарына сәйкес келетін ақпараттық өнімді телерадио хабарлары арқылы тарату кезінде теле-, радиобағдарлама басталғанда, сондай-ақ ол бөлінгеннен кейін әрбір қайта басталған кезде жас санаты белгісі көрсетіледі немесе жас санаты хабарланады.

 

18-бап. Телекоммуникация желілері арқылы таратылатын ақпараттық өнімге қойылатын ерекше талаптар

Аппараттық-бағдарламалық кешен және (немесе) технологиялар арқылы уақытша пайдалануға тұлға ұсынатын, телекоммуникация желілері, оның ішінде Интернет желісі арқылы таратылатын ақпаратқа балалардың қол жеткізуін ұсыну жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

19-бап. Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа алып келеді.

 

20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

              Президенті

 

         Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2018 жылғы шілденің 2-і.

                  № 169-VI