(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ 2026-2028 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БЮДЖЕТ...

Алматы қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті
VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXXIX сессиясының 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 267 шешiмi

 

Осы редакция 2026 жылғы 18 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 7-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 91-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Алматы қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 2 548 406 711 мың теңге, оның ішінде:

салық түсімдері - 2 481 908 384 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 12 124 618 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 29 285 763 мың теңге;

арнайы түсімдер - 2 123 448 мың теңге;

трансферттер түсімі - 22 964 498 мың теңге;

2) шығындар - 2 699 842 142 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 22 581 194 мың теңге;

бюджеттік кредиттер - 28 000 000 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 5 418 806 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо -64 540 685 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу - 64 650 685 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -238 557 310 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициті пайдалану) -238 557 310 мың теңге.

2. 2026 жылға арналған республикалық бюджетке бюджеттік алып қоюлардың көлемі 491 887 501 мың теңге сомасында бекітілсін.

3. 2026 жылға арналған қала әкімдігінің резерві 40 000 000 мың теңге сомасында бекітілсін.

4. 2026 жылға арналған борыш лимиті 2 250 608 587 мың теңгені құрайды.

5. 2026 жылға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің лимиті 1 435 200 966 мың теңгені құрайды.

6. 2026 жылға арналған «дайын күйінде тапсыру» шартымен құрылыс салу туралы шарттар бойынша мемлекеттік міндеттемелердің лимиті 528 672 150 мың теңгені құрайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.