(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ҰСЫНАТЫН БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ БАЛАЛАР...

Қазақстан Республикасы

Оқу-ағарту министрінің

2023 жылғы 12 маусымдағы

№ 165 бұйрығына

1-қосымша

 

Осы редакция 2024 жылғы 16 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру және балалардың

құқықтарын қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

стандарты

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 14-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Осы Стандарт:

1) жетім-балалардың;

2) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың;

3) девиантты мінез-құлықты балалардың;

4) арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетін балалардың;

5) ерекше білім беруді қажет ететін балалардың;

6) өмір сүру және тәрбиелеу жағдайлары бойынша бұрынғы тұрғылықты жерінде қалдыру мүмкін емес қылмыс жасады деп күдік келтірілген балалардың;

7) жасөспірімдер үйлері тәрбиеленушілердің тәулік бойы тұрақты немесе уақытша тұруына арналған, мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанындағы білім беру ұйымдарында (бұдан әрі - ұйымдар) арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну сапасына, шарттары мен көлеміне қойылатын талаптарды белгілейді.

Жоғарыда көрсетілген санаттар бірлесіп көрсетілетін қызметті алушылар болып аталады.

3. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін субъектілерге:

1) жетім-балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары (ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы, арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтары, отбасы үлгісіндегі балалар ауылы, жасөспірімдер үйі);

2) арнайы білім беру ұйымдары (психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес, оңалту орталығы, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, арнайы мектеп-интернаты);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.