«Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 387 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2022 жылғы 22 ақпандағы № 57 бұйрығы

 «Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 387 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2022 жылғы 22 ақпандағы № 57 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 387 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11243 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

Аталған бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, даярлау және тарту қағидаларында:

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Азаматтық қорғау құралымдары орталық және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар құрған және азаматтық қорғау күштерінің құрамында бейбіт уақытта және соғыс уақытында авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге арналған құрылымдар болып табылады.»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2 тарау. Азаматтық қорғау құралымдарын құру»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Азаматтық қорғау аумақтық құралымдарының жеке құрамының жалпы саны:

жер сілкінісіне бейім өңірлер үшін зардап шеккен халықтың он адамына құралымның бір мүшесі есебінен;

басқа өңірлер үшін зардап шеккен халықтың жиырма адамына құралымның бір мүшесі есебінен есептеледі.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.