«Маңғыстау облысының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына тегін амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді және медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2020 жылғы 28 тамыздағы № 37/446 шешімі (2026.03.03. берілген өзгерістермен)

Маңғыстау облысының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына тегін амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді және медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2020 жылғы 28 тамыздағы № 37/446 шешімі

(2026.03.03. берілген өзгерістермен)

 

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2022.29.03. № 9/112 шешімімен (бұр.ред.қара); 2026.16.02. № 25/295 шешімімен (2026 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда

 

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2022.29.03. № 9/112 шешімімен (бұр.ред.қара); 2026.16.02. № 25/295 шешімімен (2026 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес Маңғыстау облысының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына тегін амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, оның ішінде дәрілік заттар, арнайы емдік өнімдер және медициналық бұйымдар қосымша берілсін.

2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. «Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ә.Қ. Дауылбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы

Д. Клинчев

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.