60-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына аудит
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына аудитті Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқығы бар аудиторлық ұйым жүргізеді.
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық есептілігінің аудиторлық есебі коммерциялық құпияны құрамайды.
3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жыл сайынғы міндетті аудитінің нәтижелері бойынша аудиторлық ұйым:
1) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері;
2) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері;
2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) меншікті қаражат;
2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан аударылатын аударымдар есебінен қалыптастырылған нысаналы жинақтар мен нысаналы активтер бойынша төрт аудиторлық есеп жасайды.
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жыл сайынғы міндетті аудитінің нәтижелері бойынша аудиторлық ұйым:
1) меншікті активтер жөніндегі қаржылық есептілік;
2) зейнетақы активтері жөніндегі қаржылық есептілік бойынша екі аудиторлық есеп жасайды.
4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері бойынша жыл сайынғы аудиторлық есеп бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтеріне қатысты бухгалтерлік есепке алуды жүргізу және қаржылық есептілікті жасау тәртібін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді қамтиды.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының жыл сайынғы міндетті аудиті бойынша шығыстар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
61-бап. Шындыққа сай келмейтін жарнамаға тыйым салу
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының жариялаған күнгі шындыққа сай келмейтін қызметті жарнамалауына тыйым салынады.
2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан шындыққа сай келмейтін жарнамаға өзгерістер енгізуді, жарнаманы тоқтатуды немесе оны теріске шығаруды жариялауды талап етуге құқылы.
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган осы талап өзі белгілеген мерзімде орындалмаған жағдайда, жарнамада қамтылған мәліметтердің шындыққа сай келмейтіні туралы ақпаратты жариялауға не оларды осындай жарнаманы жариялаған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының есебінен нақтылауға құқылы.
3. Зейнетақы активтерінің кірістілігі туралы ақпарат тиісті инвестициялық кіріс алынған кезеңді көрсете отырып қана берілуі мүмкін.
62-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қолданатын шектеулі ықпал ету шаралары және санкциялар
1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты анықтаған, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының лауазымды адамдары мен жұмыскерлерінің құқыққа сыйымсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін, сондай-ақ осы Кодексте көзделген өзге де талаптардың орындалмағанын анықтаған жағдайларда, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына мынадай шектеулі ықпал ету шараларының бірін қолдануға:
1) орындау үшін міндетті жазбаша нұсқама беруге;
3) жазбаша келісім жасауға құқылы.
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына шектеулі ықпал ету шараларын қолданудың тәртібі мен шарттары қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
3. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияның қолданысын мынадай негіздердің кез келгені бойынша алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы:
1) лицензия беруге негіз болған ақпараттың анық еместігі;
2) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры қызметінің басталуын лицензия берілген кезден бастап бір жылдан астам уақытқа кідірту;
3) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша міндеттемелерді жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп жағдайда) орындамауы немесе тиісінше орындамауы;
4) уәкілетті орган белгілеген нормативтердің және ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп жағдайда) бұзылуы;
5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, зейнетақы қағидаларында және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясында көзделген ережелердің жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп жағдайда) бұзылуы;
6) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шаралары талабының орындалмауы;
7) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен жасалған жазбаша келісімге қол қоюдан бас тарту;
8) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры аудиторлық есепті алған күннен бастап үш ай ішінде аудиторлық ұйымның жүргізілген аудит туралы есебінде көрсетілген бұзушылықтарды ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жоймауы;
9) есептілік пен мәліметтерді ұсынбау немесе көрінеу анық емес есептілік пен мәліметтерді ұсыну;
2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп жағдайда) бұзуы.
4. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру жаңа салымшыларды тартуға тыйым салуға алып келеді.
63-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары міндетті түрде ішкі аудит қызметін құрады және мынадай алқалы органдарды:
1) басқару органы - директорлар кеңесін;
2) атқарушы орган - басқарманы қалыптастырады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының оқшауланған бөлімшесінің бірінші басшысы мен бас бухгалтерін қоспағанда, басқару органының басшысы мен мүшелері, атқарушы органның басшысы мен мүшелері, бас бухгалтер, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының бір немесе бірнеше құрылымдық бөлімшесінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген, уәкілетті органға ұсынылатын құжаттарға қол қою құқығына ие бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының өзге де басшылары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының басшы қызметкерлері болып танылады.
2. Осы баптың мақсаттары үшін басшы қызметкер лауазымына кандидат деп бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымын атқаруға ниеті бар жеке тұлға немесе басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына сайланған, тәуелсіз директор болып табылатын адам түсініледі.
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) осы бапта белгіленген мынадай:
тізбесін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында;
және (немесе) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау саласында;
және (немесе) қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласында;
және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу бойынша;
және (немесе) экономика және қаржы саласында реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарда;
және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді реттеу саласында;
және (немесе) қаржы ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды әзірлеу саласында;
және (немесе) қызметін осы тармақшада санамаланған салаларда жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларда;
және (немесе) ұлттық басқарушы холдингте немесе Қазақстанның Даму Банкінде немесе жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорында осы баптың 5-тармағының 3) тармақшасында көзделген лауазымдарда еңбек өтілі жоқ;
3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;
4) осы және (немесе) өзге қаржы ұйымында, банк, сақтандыру холдингінде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалында, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімі кері қайтарып алынған және (немесе) қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетілген адам бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымын атқара алмайды (оған тағайындала алмайды немесе сайлана алмайды);
2023.04.07. № 15-VІІІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін өзіне қатысты соттың күшіне енген айыптау үкімі бар немесе сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;
Көрсетілген талап қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берген келісімін кері қайтарып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін қатарынан он екі ай бойы қолданылады;
2023.04.07. № 15-VІІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) өзін басшы лауазымына келісу туралы өтінішхат берілген күнге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылған адам бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымын атқара алмайды (оған тағайындала алмайды немесе сайлана алмайды).
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры басшы қызметкерлерді тағайындау (сайлау) кезінде олардың осы баптың талаптарына сәйкестігін, оның ішінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылатын ақпаратты ескере отырып, өзі дербес тексереді.
Басшы қызметкерлерге және басшы қызметкерлердің лауазымдарына кандидаттарға қатысты мінсіз іскерлік беделінің болуы не болмауы тұрғысынан іскерлік беделді бағалауды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып жүзеге асырады.
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген талапқа сәйкес келу үшін:
1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының атқарушы органының басшысы лауазымына кандидаттар үшін - кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде үш жыл;
2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынының басқару органының басшысы лауазымына кандидаттар үшін - кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде екі жыл;
3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының атқарушы органының мүшесі лауазымына кандидаттар үшін - кемінде үш жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде екі жыл;
4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басқару органының мүшесі лауазымына кандидаттар үшін - кемінде екі жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде бір жыл;
5) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының бас бухгалтері лауазымына кандидаттар үшін - кемінде үш жыл;
6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының өзге де басшылары лауазымдарына кандидаттар үшін - кемінде бір жыл еңбек өтілінің болуы қажет.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының атқарушы органының қауіпсіздік мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне, ақпараттық технологиялар мәселелеріне ғана жетекшілік ететін мүшелерінің лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген еңбек өтілінің болуы талап етілмейді.
Осы тармақта айқындалған еңбек өтіліне қаржы ұйымының бөлімшелеріндегі оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әкімшілік-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға, ақпараттық технологияларды дамытуға (ақпараттық технологияларды дамыту және (немесе) ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесінің басшысын қоспағанда) байланысты жұмыс, өзара сақтандыру қоғамындағы жұмыс кірмейді.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе орналастырылған акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама түрде тиесілі ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басқару органы басшысының лауазымына кандидат болып табылатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшесі, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы басшысының орынбасары үшін осы бапта көзделген өтіл талап етілмейді.
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Осы баптың 4-тармағының бірінші бөлігі 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының мақсаттары үшін басшы лауазым деп:
1) қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокері филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі филиалының басшы қызметкері, екі және одан көп құрылымдық бөлімшесінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын басшысы, құрылымдық бөлімшесінің, сондай-ақ оқшауланған бөлімшесінің басшысы, басшысының орынбасары;
2) қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу саласындағы және (немесе) қаржы ұйымдарының аудиторлық қызметі саласындағы реттеу және мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік органның бірінші басшысы және оның орынбасары, құрылымдық бөлімшесінің басшысы, басшысының орынбасары;
3) ұлттық басқарушы холдингтің, Қазақстан Даму Банкінің және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорының басқару органының басшысы, атқарушы органының басшысы, сондай-ақ оның қаржылық мәселелерге және (немесе) еншілес қаржы ұйымдарының қызметіне жетекшілік ететін орынбасары;
4) құрылымдық бөлімшенің бірінші басшысы және оның орынбасары, сондай-ақ:
осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарындағы;
қаржы ұйымдарына аудит жүргізетін ұйымдардағы;
осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасының сегізінші абзацында көрсетілген салада қызметті жүзеге асыратын ұйымдардағы;
осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасының тоғызыншы абзацында көрсетілген шетелдік заңды тұлғалардағы оқшауланған бөлімшесінің басшысы немесе басшысының орынбасары лауазымы түсініледі.
6. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім алу үшін құжаттарды басшы қызметкер лауазымына кандидат не бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры ұсынуы мүмкін.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісімі, басшы қызметкер лауазымына кандидат осы лауазымдарға қойылатын талаптарға сәйкес келген жағдайда, бір не бірнеше лауазымға берілуі мүмкін.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісімі басшы қызметкер лауазымын қайта келісусіз атқару құқығын береді және ол мынадай:
1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорындағы басшы қызметкер лауазымына келісілген кандидат келісім алынған не басшы қызметкер лауазымынан босатылған (өкілеттіктері тоқтатылған) күннен бастап он екі ай ішінде тағайындалмаған (сайланбаған);
2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшысы лауазымына тағайындауға (сайлауға) берген келісімін кері қайтарып алған жағдайларда өз қолданысын тоқтатады.
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Басшы қызметкер лауазымына кандидат қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісімінсіз тиісті функцияларды жүзеге асыруға құқылы емес.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген тыйым салу басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына сайланған, тәуелсіз директор болып табылатын, өзі сайланған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде тиісті функцияларды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісімінсіз жүзеге асыруға құқылы болатын адамға қолданылмайды.
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
Атқарушы орган басшысының міндеттерін атқаруды атқарушы органның мүшесіне, бас бухгалтердің міндеттерін атқаруды бас бухгалтердің орынбасарына күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімге жүктеу жағдайларын қоспағанда, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берген келісімі жоқ адамның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерінің міндеттерін атқаруына (уақытша болмағанда оны ауыстыруына) тыйым салынады.
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісілген кандидатураның болмауына байланысты атқарушы орган басшысының не бас бухгалтердің міндеттерін атқаруды осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген адамдарға қатарынан он екі ай ішінде жиынтығында күнтізбелік бір жүз сексен күннен артық мерзімге жүктеуге (уақытша жоқ адамды ауыстыруға) жол берілмейді.
8. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басқару органының тәуелсіз директор болып табылатын басшысы немесе мүшесі лауазымына кандидат өзін аталған лауазымға сайлағанға дейін де, одан кейін де келісілуі мүмкін.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басқару органының тәуелсіз директор болып табылатын басшысын немесе мүшесін келісу кезінде, оны сайлағаннан кейін келісуге арналған құжаттар осы баптың 7-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ұсынылуға тиіс.
Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға келісу үшін құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған не қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
9. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-5-бабына сәйкес басшы қызметкер лауазымына кандидатқа қатысты уәжді пайымдауды пайдаланған кезде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына кандидатты келісуге құжаттарды ұсынған тұлғаға басшы қызметкер лауазымына кандидатқа қатысты уәжді пайымдауды қалыптастыру туралы хабарлама жібереді.
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган осы басшы қызметкерлер лауазымдарына кандидаттарға қатысты уәжді пайымдауды қалыптастырған кезде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлері лауазымдарына кандидаттарды тағайындауға (сайлауға) келісім алу үшін ұсынылған құжаттарды қарау мерзімін тоқтата тұрады. Бұл мерзім бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына кандидатты келісу үшін құжаттарды ұсынған тұлғаға уәжді пайымдау жобасы жіберілген күннен бастап қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган уәжді пайымдауды пайдалана отырып, шешім қабылдаған күнге дейін тоқтатыла тұрады.
10. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісім беру тәртібі, оған қоса мінсіз іскерлік беделінің болмау өлшемшарттары, келісімді алуға қажетті құжаттар қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.