«Валюталық операция туралы және шетелдік банкте банк шотын туралы хабарламаны растау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 96 Қаулысына 1-қосымша) (күші жойылды)

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 149 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2015 жылғы 29 мамырдағы

№ 96 қаулысына

1-қосымша

 

 

«Валюталық операция туралы және шетелдік банкте банк шотын туралы хабарламаны растау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі.

«Валюталық операция туралы немесе шетелдік банкте банк шотын ашу туралы хабарламаны растау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның аумақтық филиалдары (бұдан әрі - АФ) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: қағаз жеткізгіштегі хабарлама туралы куәлік.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз: көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысымен бекітілген «Валюталық операция туралы немесе шетелдік банкте банк шотын ашу туралы хабарламаны растау» стандартының (бұдан әрі - стандарт) 9-тармағында көзделген құжаттарды ұсынуы.

Шетел тілінде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мемлекеттік тілдегі немесе орыс тіліндегі аудармасымен беріледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.