«Өсімдік шикізатын сақтау және қайта өңдеу бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 344 бұйрығына және «Қауіпті өндірістік объектіде өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 24 маусымдағы № 315 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 335 бұйрығы

 «Өсімдік шикізатын сақтау және қайта өңдеу бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 344 бұйрығына және «Қауіпті өндірістік объектіде өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 24 маусымдағы № 315 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 335 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Өсімдік шикізатын сақтау және қайта өңдеу бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 344 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10291 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өсімдік шикізатын сақтау және қайта өңдеу бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында:

1-тарауда:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Өсімдік шикізатын сақтау және қайта өңдеу бойынша объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жалпы тәртібі»;

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Өсімдік шикізатын сақтау және қайта өңдеу бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-2 бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және өсімдік шикізатын сақтау және қайта өңдеу бойынша қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті ұйымдастыру және қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.