«Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 8 қарашадағы № 322 «Шығыс Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 23 тамыздағы № 202 Қаулысы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 8 қарашадағы № 322 «Шығыс Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 23 тамыздағы № 202 Қаулысы

 

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 8 қарашадағы № 322 «Шығыс Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25062 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының 1 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шығыс Қазақстан облысы әкімі

Д. Ахметов

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қазақстан Республикасы

Экология, геология және табиғи ресурстар

министрлігі Су ресурстары комитетінің

Су ресурстарын пайдалануды реттеу

және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік

инспекциясы» Республикалық мемлекеттік мекемесі

 

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2022 жылғы 23 тамыздағы

№ 202 қаулысына

қосымша

 

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2021 жылғы «8» қарашадағы

№ 322 қаулысына

1-қосымша

 

 

Шығыс Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.