«Білім беру саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № 282 бұйрығы
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 165 бұйрығымен күші жойылды
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Білім беру саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 17 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10283 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласында білім беру ұйымдары ұсынатын арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласында орталықтар ұсынатын арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдаған адамдар ұсынатын арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты бекітілсін.»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;