«Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 8 желтоқсандағы № 163 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32740 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілген стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартында:
жоғарғы оң жақ бұрышындағы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 Бұйрыққа 1-қосымша» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 бұйрығына 1-қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын;
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандарты»;
көрсетілген стандартқа 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы «Стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартына 1-қосымша» деген сөздер «Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартына 1-қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген стандартқа 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы «Стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартына 2-қосымша» деген сөздер «Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартына 2-қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын;