Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың дерекқорын, пайдаланылатын цифрлық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру шарттары мен қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 32 Қаулысы
(2026.23.10. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026.02.10. № 139 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 23 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026.02.10. № 139 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 23 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026.02.10. № 139 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 23 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың дерекқорын, пайдаланылатын цифрлық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру шарттары мен қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың: