Кейбір бірлескен бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының - Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 13 маусымдағы № 225-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 13 маусымдағы № 110 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бірлескен бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратураның
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу Комитеті
Премьер-Министрі орынбасарының -
Сауда және интеграция министрінің
2023 жылғы 13 маусымдағы
№ 225-НҚ және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2023 жылғы 13 маусымдағы
№ 110 бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бірлескен бұйрықтардың
тізімі