«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан шығарып жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 4 маусымдағы № 75/қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2026 жылғы 23 шілдедегі № 70/қе бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан шығарып жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 4 маусымдағы № 75/қе бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34454 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан шығарып жіберу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - ҰҚК), білім алушы және шет мемлекеттердің білім беру ұйымдары арасында жасалған халықаралық шарттарда (келісімшарттарға) көзделген тәртіпте білім алушы шет мемлекеттердің білім беру ұйымынан шығарып жіберілген жағдайда кадр бөлімшесі:
курсанттар (тыңдаушылар) үшін - шығару және жеке құрам тізімінен алып тастау туралы бұйрық дайындайды;
магистранттар, докторанттар мен адъюнкттер үшін - органның тиісті кадр бөлімшесіне лауазымынан босату және ол жіберілген бөлімше бастығының қарамағына қабылдау туралы ұсыну жібереді.