«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Түркістан облысында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына бюджет қаражаты есебiнен емделуге тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүруді ұсыну туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 2/27-VIII шешімі

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Түркістан облысында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына бюджет қаражаты есебiнен емделуге тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүруді ұсыну туралы
Түркістан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 2/27-VIII шешімі

 

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 12-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі - ЖТМҚ) және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Түркістан облысында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына бюджет қаражаты есебiнен емделуге тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүру ұсынылсын.

2. «Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Денсаулық сақтау басқармасы) ЖТМҚ комиссиясының шешімі ЖТМҚ-ны стационарлық, стационарды алмастыратын және консультациялық-диагностикалық көмек нысанында алу үшін негіз болып табылады.

3. Денсаулық сақтау басқармасына тапсырылуға тиісті келесі құжаттар негізінде жол жүру ақысын төлеу емделу орнынан шығарылған күннен екі ай мерзімінен кешіктірілмей жүзеге асырылсын:

1) Жеке сәйкестендіру нөмері, тұрғылықты мекенжайы және ақша қаражатын аудару үшін банктің деректемелері көрсетілген еркін нысанындағы өтініші;

2) жеке куәліктің және (немесе) туу туралы куәлiгiнің көшірмесі;

3) белгіленген үлгідегі емделуге жолдаманың көшірмесі;

4) медициналық ұйымының дәрігерлік – консультациялық комиссиясының (бұдан әрі - ДКК) науқасты алып жүру қажеттілігі туралы қорытындысы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.