«Тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 4 тамыздағы № 257 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 21 қарашадағы № 409 бұйрығы

«Тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 4 тамыздағы № 257 бұйрығына өзгерісте енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 21 қарашадағы № 409 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 4 тамыздағы № 257 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29040 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларында:

24-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«24. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірмей, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бөлінісіндегі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ЭЦҚ-мен қол қойылған тұрмыстық баллондарда өткізілетін тұрмыстық баллондардың айналымы және сұйытылған мұнай газының көлемі туралы жиынтық ақпаратты уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті органға ұсынады.»;

көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.