«2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 25-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 8 тамыздағы № 31-2 шешімі

«2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 25-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 8 тамыздағы № 31-2 шешімі

 

Тараз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 25-3 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

1) кірістер - 87 473 268 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 39 046 800 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 684 378 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 19 992 437 мың теңге;

трансферттер түсімі - 27 749 653 мың теңге;

2) шығындар - 96 944 189 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге:

бюджеттік кредиттер - 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;

қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 9 470 921 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 9 470 921 мың теңге»:

қарыздар түсімі - 20 777 921 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 12 046 000 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 739 000 мың теңге.

Мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:

2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, «Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және «Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің айлық жалақысына 30 пайыз мөлшерінде ай сайынғы үстемақы белгіленсін.

Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Тараз қалалық мәслихатының

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.