«Өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы №446 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 581 бұйрығы

 «Өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы №446 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 581 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 446 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15430 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 тамызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

аталған бұйрықпен бекітілген Өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидаларына:

147-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«147. Тыл бастығы:

су көздеріне барлау жүргізуі, сорғы-жеңқұбыр жүйесін таңдауы;

өрт сөндіру автомобильдерін күтіп алып, су көздеріне орналастырылуын ұйымдастыруы;

күштер мен құралдардың резервін шоғырландыруы;

ӨСБ, ШБ суды айдау арқылы немесе тасып берілуін ұйымдастыру үшін өрт сөндіру автомобильдерінің қажетті саны туралы баяндауы;

өрт сөндіргіш заттардың үздіксіз берілуін қамтамасыз етуі, қажет болғанда өрт орнына арнайы өрт сөндіргіш заттар мен материалдарды жеткізуді ұйымдастыруы;

қаланың, объектінің сумен жабдықтау қызметтерімен бірге өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастыруы;

жеке құрамды резервтік жауынгерлік киіммен және тыныс алу органдарын қорғау құралдарымен қамтамасыз етуге шаралар қабылдауы;

өрт сөндіру автомобильдерін жанар-жағармай және басқа пайдалану материалдарымен уақтылы қамтамасыз етуді ұйымдастыруы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.