Кәсіптік стандарт: «Жеткізу тізбегіндегі жүктерді тасымалдау бойынша логистикалық қызмет» (Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 4 мамырдағы № 114 бұйрығына 2-қосымша)

Қазақстан Республикасы

Көлік министрінің м.а.

2026 жылғы 4 мамырдағы

№ 114 бұйрығына 2-қосымша

 

 

Кәсіптік стандарт: «Жеткізу тізбегіндегі жүктерді тасымалдау бойынша логистикалық қызмет»

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Кәсіптік стандарттың қолдану аясы: «Жеткізу тізбегіндегі жүктерді тасымалдау бойынша логистикалық қызмет» кәсіптік стандарты «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 7 қыркүйектегі № 377 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33401 болып тіркелген) бекітілген Кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту қағидаларына сәйкес әзірленді, білім беру бағдарламарын қалыптастыруға, оның ішінде кәсіпорындарда персоналды оқытуға, білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен түлектерінің кәсіби біліктілігін тануға және ұйымдар мен кәсіпорындарда персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге қойылатын талаптарды белгілейді.

2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:

1) аралас тасымалдау - бірыңғай тауар-көлік жүкқұжаты (бірыңғай коносамент) бойынша екі немесе одан да көп көлік түрімен тасымалдау;

2) аралас тасымалдау шарты - аралас тасымалдауды жүзеге асыру үшін аралас тасымалдау операторы мен клиент (жүк жөнелтуші, жүк алушы, жолаушы, жалға алушы) арасында жасалған шарт;

3) білім - кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат;

4) вагондар (контейнерлер) операторы - вагондарды (контейнерлердi) меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде иеленушi және (немесе) тасымалдаушымен жасалған шарт негiзiнде вагондар (контейнерлер) операторы қызметін көрсету жолымен тасымалдау процесiне қатысатын және тасымалдау құжаттарында көрсетiлген тұлға;

5) дағды - кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті;

6) жүк - тасымалдау шартын ресімдей отырып, тасымалдауға қабылданған мүлік, оның ішінде бос меншікті вагон (контейнер);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.