Қазақстан Республикасындағы тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнің төлем жасау қабiлеттігін растау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 531 бұйрығы
(2026.26.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2026.07.07. № 479 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 26 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2026.07.07. № 479 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 26 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2026.07.07. № 479 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 26 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнiң төлем жасау қабiлеттiгiн растау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне жүктелсін.