«Микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 16 шiлдедегi № 82 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 6 Қаулысы

 «Микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 16 шiлдедегi № 82 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 6 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 16 шiлдедегi № 82 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23630 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларында:

1-тармақтың үшінші - жетінші абзацтары 2024 ж. 6 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қарыз алушы микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішті (бұдан әрі - өтініш) Микроқаржылық қызмет туралы заңның 9-2-бабының 2-тармағына сәйкес микрокредит берген микроқаржы ұйымына береді.

Микроқаржылық қызмет туралы заңның 9-2-бабының 2-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін өтініш микрокредит беру шарты бойынша берешекті өндіріп алу туралы заңды күшіне енген сот актісі, атқарушы жазба, татуласу келісімі немесе микрокредит беру шарты бойынша берешекті реттеу үшін не микрокредит беру шарты бойынша берешекті өндіріп алу туралы сот актісін орындау үшін медиация тәртібімен жасалған дауды (жанжалды) реттеу туралы келісім болмаған, сондай-ақ микрокредит беру шарты бойынша құқықты (талапты) микроқаржы ұйымы үшінші тұлғаға бермеген жағдайда беріледі.

Микроқаржы ұйымының өтінішті қарауы қарыз алушыға микрокредит бойынша мерзімі өткен берешекті не оның бір бөлігін біржолғы өтеу талабын белгілемей жүзеге асырылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.