Мүліктің меншік иелері бірлестігі немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісі мен коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың үлгілік шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 250 бұйрығы
(2025.23.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025.12.09. № 361 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 23 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024.22.02. № 68 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 9 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025.12.09. № 361 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 23 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісі мен газбен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың үлгілік шарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісі мен лифт қызметін көрсету жөніндегі қызметтерді ұсынатын ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың үлгілік шарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісі мен қатты тұрмыстық қалдықтарды (коммуналдық қалдықтар) жинау және шығару жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың үлгілік шарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісі мен жылумен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың үлгілік шарты;