«Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс жерде Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесін пайдаланушының тұрақты емес халықаралық ұшуды орындау жөнінде хабарлау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 470 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 416 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс жерде Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесін пайдаланушының тұрақты емес халықаралық ұшуды орындау жөнінде хабарлау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 470 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6644 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 116-119 (26521) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс жерде Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесін пайдаланушының тұрақты емес халықаралық ұшуды орындау жөнінде хабарлау қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс жерде Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесін пайдаланушының тұрақты емес халықаралық ұшуды орындау жөнінде хабарлау қағидалары Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға белгіленген тәртіппен орындалған тұрақты емес халықаралық ұшу жөнінде хабарлаудың тәртібін (бұдан әрі - Хабарлама) регламенттейді.
2. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Хабарлама жолдайды.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: