«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Өртті сөндіруді ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2017 жылғы 26 маусымдағы № 446 бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 13 наурыздағы № 109 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Өртті сөндіруді ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2017 жылғы 26 маусымдағы № 446 бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 13 наурыздағы № 109 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Өрттерді сөндіруді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 446 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15430 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген өрттерді сөндіруді ұйымдастыру қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Негізгі тапсырманы орындау үшін бөлімшелердің жеке құрамы мына құралдарды пайдаланады:

өрт сөндіру және авариялық-құтқару автомобильдері, оның ішінде өрт сөндіру мақсаттарына бейімделген автомобильдер;

өрт сөндіру жабдықтары;

құралдар – саймандар (механикаландырылған және механикаландырылмаған);

байланыс және жарықтандыру құралдары;

тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдары (бұдан әрі – ТОЖКҚ);

өрт сөндіргіш заттар;

ғимараттар мен құрылыстарды өртке қарсы қорғау жүйелері;

өртке қарсы сумен жабдықтау көздері (табиғи және жасанды су айдындары, ішкі және сыртқы су құбыры);

зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуге арналған құралдар мен жабдықтар.»;

4-тармақ:

мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

«7-1) дамыған өрт-белгіленген кеңістік (тік, көлденең, конструкциялар жазықтығы) шегінде барлық жанғыш беттердің өртке толық қатысу кезеңі);»;

мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:

«18-1) қарауылдау-өртті қарауылдауға өртті жою (оқшаулау) сатысында анықталмаған жасырын ошақтардан өрттің қайта басталуын болдырмау мақсатында өрт шарпыған алаңды үздіксіз немесе мерзімді қарап – тексеруден тұратын жұмыстар жатады;»;

мынадай мазмұндағы 47-1) және 47-2) тармақшалармен толықтырылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.