«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 30 қарашадағы № 26-VI Заңы (2020.03.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

1) 2017 жылғы 2 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін акциздердің мынадай мөлшерлемелері қолданылады деп белгіленсін:

 

»;

2) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін акциздердің мынадай мөлшерлемелері қолданылады деп белгіленсін:

«

».

3-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 568-бабының 5-тармағы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде:

1) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакция қолданылады деп белгіленсін:

«5. Ең төмен айналым республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 30000 еселенген мөлшерін құрайды.»;

2) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакция қолданылады деп белгіленсін:

«5. Ең төмен айналым республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 25000 еселенген мөлшерін құрайды.»;

3) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакция қолданылады деп белгіленсін:

«5. Ең төмен айналым республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 20000 еселенген мөлшерін құрайды.».

2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

4-бап. Егер тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларға шағымдар 2017 жылғы 1 шілдеге дейін берілген жағдайда, осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 1) тармақшасының он екінші - он сегізінші абзацтары, 3), 6), 9), 12), 16), 17), 63) тармақшалары, 101) тармақшасының төртінші - тоғызыншы абзацтары, 112), 114), 116) тармақшалары, 118) тармақшасының оныншы және он бірінші абзацтары, 120) тармақшасы, 121) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары, 125), 126), 127), 131), 132), 133), 134), 135), 136), 137), 138), 139), 140) және 141) тармақшалары, 3-тармағының 1), 3), 10), 11) тармақшалары, 12) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары, 14), 15), 16), 17), 18) тармақшалары және 10-тармағы қолданылмайды деп белгіленсін.

Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға, сондай-ақ тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды қарау нәтижелері жөніндегі шешімді қайта қарауға 2017 жылғы 1 шілдеге дейін берілген шағымдарды қарау «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 93 және 94-тарауларының және (немесе) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 19-тарауының ережелеріне сәйкес 2017 жылғы 1 шілдеге дейін қолданыста болатын редакцияда жүзеге асырылады.

5-бап. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне және кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғалар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде өз қызметін осы Заңның 1-бабы 3-тармағы 4) және 6) тармақшаларының талаптарына сәйкес келтіруге тиіс деп белгіленсін.

6-бап.

1. Осы Заң:

1) 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 36) тармақшасын;

2) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 18) тармақшасының екінші абзацын, 89) тармақшасын, 105) тармақшасының екінші, үшінші және бесінші абзацтарын, 12-тармағының 3) тармақшасын, 25-тармағы 2) тармақшасының екінші - жетінші абзацтарын;

3) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын, 2-тармағы 1) тармақшасының екінші, үшінші және бесінші абзацтарын, 2) тармақшасының он төртінші абзацын, 18) тармақшасының үшінші абзацын, 20) тармақшасының жетінші - тоғызыншы абзацтарын, 27), 28), 49) тармақшаларын, 50) тармақшасының үшінші - алтыншы абзацтарын, 56) тармақшасының екінші - алтыншы, сегізінші - он екінші абзацтарын, 59), 61), 66), 67), 79), 80), 81), 82), 83), 88), 92) және 124) тармақшаларын, 25-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының сегізінші - он үшінші абзацтарын, 3) және 4) тармақшаларын;

4) 2016 жылғы 22 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 26-тармағы 1) тармақшасының он екінші - он бесінші және он жетінші абзацтарын;

5) 2017 жылғы 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 65) тармақшасын;

6) 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 1) тармақшасының он екінші - он сегізінші абзацтарын, 3), 6), 9), 12), 16), 17), 63) тармақшаларын, 101) тармақшасының төртінші - тоғызыншы абзацтарын, 112), 114), 116) тармақшаларын, 118) тармақшасының оныншы және он бірінші абзацтарын, 120) тармақшасын, 121) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 125), 126), 127), 131), 132), 133), 134), 135), 136), 137), 138), 139), 140) және 141) тармақшаларын, 3-тармағының 1), 3), 10), 11) тармақшаларын, 12) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 14), 15), 16), 17), 18) тармақшаларын және 10-тармағын;

7) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 60) тармақшасының жетінші абзацын;

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

8) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 19) және 22) тармақшаларын;

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды

9) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 6-тармағын және 24-тармағының 1) және 2) тармақшаларын қоспағанда, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

2. Осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 20) тармақшасының екінші - алтыншы абзацтары және 23) тармақшасы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

Осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 29) тармақшасы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 1 сәуірге дейін қолданылады.

Осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 32) тармақшасының алтыншы - он бірінші абзацтары 2016 жылғы 1 шілдеден бастап 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

Осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 60) тармақшасының алтыншы абзацы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

 

 

Қазақстан Республикасының

         Президенті

 

   Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2016 жылғы қарашаның 30-ы.

              № 26-VI