Өскемен қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 64/2-VI шешімі
(2021.12.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2021 жылғы 5 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 44/495-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7989 нөмірімен тіркелген) шешіміне сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2021.12.03. № 3/2-VII шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қаланың 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес тиісінше, соның ішінде 2021 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 69 087 086,6 мың теңге:
салықтық түсімдер - 35 670 330,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 265 784,1 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 13 906 718,9 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 19 244 253,6 мың теңге;
2) шығындар - 59 078 814,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 4 376,0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 4 376,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 275 500,0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 275 500,0 мың теңге;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер -0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 9 728 396,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - - 9 728 396,4 мың теңге;
қарыздар түсімі - 3 298 099,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 13 275 881,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 249 385,6 мың теңге.