«Авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 517 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 594 бұйрығы

«Авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 517 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 594 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 517 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15600 болып тіркелген, 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындау қағидаларында:

2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым - мемлекет жарғылық капиталына жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздігін тұрақты дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам (бұдан әрі - уәкілетті ұйым);»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Авиациялық персонал теориялық білім мен практикалық дағдылар деңгейін, сондай-ақ авиациялық персоналдың біліктілік деңгейін анықтау үшін тағайындалған жеке тұлғалар жүргізетін тестілеу немесе кезеңдік тексеру көмегімен Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі - ИКАО) стандарттарына сәйкес орындалатын функцияларға сәйкес деңгейдегі тілдерді білуін көрсетеді.»;

6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Авиациялық персоналдың біліктілік деңгейін осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес уәкілетті ұйым тағайындайтын емтихан алушы (бағалаушы) айқындайды.»;

9-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.