«Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығына мемлекеттік қаржылық қолдау ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 мамырдағы № 332 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 1156 Қаулысы

 «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығына мемлекеттік қаржылық қолдау ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 мамырдағы № 332 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 1156 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығына мемлекеттік қаржылық қолдау ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 мамырдағы № 332 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға мемлекеттік қаржылай қолдау беру қағидаларын бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 8-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға мемлекеттік қаржылай қолдау беру қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығына мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

О. Бектенов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2024 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1156 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2021 жылғы 20 мамырдағы

№ 332 қаулысымен

бекітілген

 

 

Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға мемлекеттік қаржылай қолдау ұсыну

 қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.