«Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 329 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 5 тамыздағы № 614 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 329 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11333 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргiзу қағидалары;