Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетел азаматтарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2016 жылғы 14 маусымдағы № 11-1-2/262 бұйрығы
(2026.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Сыртқы істер министрінің 2026.16.06. № 11-1-4/328 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Сыртқы істер министрінің 2020.27.05. № 11-1-4/168 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2022.19.12. № 11-1-4/705 бұйрығымен (2023 ж. 3 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Сыртқы істер министрінің 2026.16.06. № 11-1-4/328 бұйрығымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 89-бабының 3-тармағына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Сыртқы істер министрінің 2026.16.06. № 11-1-4/328 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетел азаматтарын есепке алу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:
1) осы бұйрықтың заңнамада көрсетілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;