«Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау » мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № 133 қаулысымен бекітілген) (2019.15.02. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Жамбыл облысы әкімдігінің 2016.25.04. № 137 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.15.02. № 23 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда

Жамбыл облысы әкімдігінің

2015 жылғы 25 маусымдағы

№ 133 қаулысымен

бекітілген

 

Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 тамыздағы № 189 Қаулысымен күші жойылды

 

«Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

(2019.15.02. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11184 тіркелген) «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес облыстың аудандары мен Тараз қаласы әкімдіктерінің білім бөлімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау туралы шешім не стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - электрондық түрінде.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.