Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызметке түсумен және бос лауазымдарға орналасумен байланысты кейбір мәселелер туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 727 бұйрығы
(2018.05.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 19 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6-тармағына және 29-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мына:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кандидаттардың Ведомстволық деректер банкін қалыптастырудың және онымен жұмыс істеу қағидалары;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталында мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтерді орналастыру қағидалары және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.