«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 235 бұйрығы (күші жойылды)

 «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 235 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 2 шілдедегі № 339 бұйрығымен күшi жойылды

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 82-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі:

мынадай мазмұндағы 109-1-тармақпен толықтырылсын:

«109-1. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы олардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджет қаражатын үнемдеу түрінде бюджеттік инвестицияларды іске асыру қорытындылары бойынша пайда болған пайдаланылмаған қалдықтар «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Мемлекеттік мүлік туралы заң) және «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Акционерлік қоғамдар туралы заң) сәйкес қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектісінің тиісті басқару органының (құрылтайшысының) шешімі бойынша бюджетке қайтарылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.