«Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 149 және «Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, салықтық емес төлемдер есебінен қалыптастырылатын бюджеттен тыс қорлардың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі» 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 150 бұйрықтарына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 шілдедегі № 382 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 149 және «Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, салықтық емес төлемдер есебінен қалыптастырылатын бюджеттен тыс қорлардың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі» 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 150 бұйрықтарына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 шілдедегі № 382 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 149 бұйрығына мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасында:

7 «Қарыздар түсімі» санатында:

01 «Мемлекеттік ішкі қарыздар» сыныбында:

1 «Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар» кіші сыныбында:

10 «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттік бағдарламаларды, саланы (аяны) дамыту тұжырымдамаларын, ұлттық жобаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтерлер салуды және (немесе) алуды, сатып алуды қаржыландыру үшін, сондай-ақ кәріздік тазарту құрылысжайларын салу мен реконструкциялауды қаржыландыру үшін құрылысын қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздары шығарылымынан түсетін түсімдер» ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«10 Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздары шығарылымынан түсетін түсімдер»;

бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.