«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 597 Қаулысы
(2023.17.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 620 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2022.02.03. № 105 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидалары;
2) «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының номинациялары бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
ҚР Үкіметінің 2017.13.07. № 427 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгіленген тәртiппен республикалық бюджеттен «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарына ақшалай сыйлық төлеуге қаражат көздесін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.