(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МАСС-МЕДИА САЛАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ...

Масс-медиа саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2024 жылғы 17 қазандағы № 488-НҚ бұйрығы

(2026.20.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2026 жылғы 2 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

 

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026.02.06. № 263-НҚ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 20 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2025.15.10. № 563-НҚ бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.