Аң аулау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығы
Осы редакция 2018 жылғы 2 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 57) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Аң аулау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
А. Сәрінжіпов
2015 жылғы «___» _________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі
Қ. Қасымов
2015 жылғы 11 сәуір
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушысының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 18-03/157 бұйрығымен
бекітілген
Аң аулау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Аң аулау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау тәртібін және мерзімін белгілейді.