«Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшiн халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және халықаралық авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1221 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 717 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 1128 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшiн халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және халықаралық авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1221 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 2, 16-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшiн халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және халықаралық авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларында:
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.