«Сот шешімімен Семей қаласының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 20/124-VI шешімі (күші жойылды)

Сот шешімімен Семей қаласының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 20/124-VI шешімі

 

Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2023 жылғы 27 шілдедегі № 6/45-VIII шешімімен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен Семей қаласының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.

2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Шығыс Қазақстан облысы

Семей қаласы мәслихатының

2017 жылғы 7 желтоқсандағы

№ 20/124-VI шешiмге

1-қосымша

 

 

Сот шешімімен Семей қаласының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару

қағидалары

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы сот шешімімен Семей қаласының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленді және сот шешiмен Семей қаласының коммуналдық меншiгіне түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі - қалдықтар) басқару тәртiн айқындайды.

2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.