«Жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 486 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 565 Қаулысы

«Жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 486 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 565 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 486 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мыналар:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Жойқын жер сілкінісі кезінде жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспары;

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Табиғи өрт шыққан кезде жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспары;

3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Су жайылған, су көтерілген, су тасыған және сел тасыған кезде жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспары;

4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлар, оның ішінде тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріндегі авариялар кезінде жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспары;

5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес Күшті әсер ететін, улы және радиоактивті заттардың атмосфераға шығарылуына байланысты төтенше жағдайлар кезінде жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспары;

6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес Қауіпті биологиялық факторлар туындаған кезде жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспары;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.